Ұстазға мың тағзым

Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, шәкірттің болашағына бағыт беретін рухани жетекшісі. Университет қабырғасында әрбір оқытушы тек дәріс беруші ғана емес, студенттің тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін бағыттаушы. Осындай қадірлі маман иелеріне деген алғыс пен құрметін білдіру мақсатында куратор ,аға оқытушы ,магистр Г.Е.Жұмағалиеваның жетекшілігімен Мәдениет және өнер факультетінде ,Мәдени -тынығу жұмысы ббб 1курс студенттері ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлеріне күніне орай “Ұстазға мың тағзым”атты мерекелік шара өтті.Бұл шара – оқытушыларға деген шынайы ризашылықтың, өнер мен ізгі тілектердің мерекесіне айналды.

Концерттік кешті студенттер хор орындауымен бастады. Әсем үнмен шырқалған «Ұстазым менің» әні барша көрерменнің көңілін толқытып, кештің шымылдығын ерекше әсермен ашты.

Кеште алғашқы құттықтау сөз мәдениет және өнер факультетінің деканы Қ.Р.Қажымоваға жолданды.
Ұстаздарға арналған бұл мерекелік концерт – студенттердің жүрекжарды алғысы мен ризашылығын жеткізудің тамаша үлгісі болды. Ән, би, өлең мен құттықтаулар арқылы ұстаздар қауымы ерекше көңіл күй мен шабытқа бөленді. Осындай шаралар білім ордасындағы ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтып, рухани құндылықтардың бағасын арттыра түседі.


Печать