Өмірзақова Л. Қ. Моб-31 тобымен ерекше мәдени кураторлық сағат өткізді

Республика күні мерекесі аясында Мәдениет және өнер факультетінің “Музыка мұғалімдерін дайындау” білім беру бағдарламасы аға оқытушы Өмірзақова Ләззат Қайыржанқызының Моб-31тобымен ерекше мәдени кураторлық сағат өткізді.

Іс-шара қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен ел мәдениетіне қосқан ерен еңбегіне арналды.

Студенттер тұлғаның өнегелі жолын таныстырып, поэзия мен ән-күй арқылы рухани құндылықтарды дәріптеді.

Бұл шара жастардың ұлттық өнер мен мәдени мұраға деген сүйіспеншілігін арттырып, елжандылық сезімін нығайтты.

 


Печать