Өнер майталманы мерейлі 70 жасқа толды!

             М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан универстеті Мәдениет және өнер факультеті Құрмет орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген артисі Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім беру бағдарламасы оқытушысы, БҚМУ доценті Қанатқали Кәмөкұлы Қожақов мерейлі 70 жасқа толды!
Музыкалық білім мамандығы ашылғаннан бері қызмет атқарып, талай шәкірттердің өнер жолына бағыт-бағдар берумен қатар, сахна жұлдыздарын тәрбиелеп жүрген ардақты ұстазымыз, ұстаздардың ұстазы, маэстро Қанатқали Кәмөкұлы Қожақовтың еңбегі еленіп, жетістігі орасан зор. Ғасырға жуық тарихы бар білім шаңырағымызда, соның ішінде мәдениет және өнер факультетінің талабы мен таланты биік келер студенттеріне білім беріп, ұжымның ақылшысы, тірегі, мақтанышы, бәйтерегі болып келеді. Көңілі кең ұстазымыздың деніне саулық, отбасына амандық, киелі сахнаның шыңында жарқырай беріңіз деп тілек білдіреміз!


Печать