Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы дәстүрлі XIV-ші Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы дәстүрлі XIV-ші Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын өткізді. Екі кезеңнен тұратын пәндік олимпиадаға республикамыздың түкпір-түкпірінен өнерлі студенттер жиналған болатын. Осы олимпиада да «Музыкалық ағартушылық» номинациясы бойынша Мәдениет және өнер факультетінің «Музыкалық білім» мамандығының 2-курс студенті Мулекова Индира (Жетекшісі аға оқытушы Өмірзақова Ләззәт Қайыржанқызы) қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Сонау арман қала Алматыны ерекше өнерімен тағы бір мәрте мойындатқан дарынды студентімізге толағай табыстар мен шығармашылық бастамалар тілейміз!


Печать