Мәдениет және өнер саласындағы кадр даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру және жұмыс берушілермен кәсіби серіктестікті нығайту мақсатында Мәдениет және өнер факультетінде “Мәдениет және өнер саласындағы кәсіби серіктестік”тақырыбында жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға мәдениет, өнер және білім беру мекемелерінің басшылары, әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер мен оқу орны өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында жұмыс берушілер мен сала жетекшілері өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасады.
Пікір алмасу барысында жұмыс берушілердің ұсыныстары талқыланып, білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Аталған дөңгелек үстел мәдениет және өнер саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы кәсіби серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

