ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мәдениет және өнер факультетінің аға оқытушысы, білікті ұстаз, кәсіби дирижер Алимбаева Гүлзада Бақытқалиқызы 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз!
35 жылға жуық уақытын білім мен өнерге арнаған ұстаз қазақ халық аспаптар оркестрін құрып, талай дарынды шәкірт тәрбиелеп, ұлттық музыкалық өнердің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Оның еңбегі – жас ұрпаққа үлгі, өнерге деген адалдықтың айқын көрінісі.
Осы мерейлі жасыңызда Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық, шәкірттеріңіздің биік белестерден көріне беруін тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!


Печать