Мәдениет және өнер факультетінің студенттері үшін маңызды кездесу дәрісі ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық психо-наркологиялық диспансердің психиатр-нарколог дәрігері Сатқанов Нұрлан Фатихоллаұлы арнайы шақырылды.
Кездесудің басты мақсаты – студенттерге есірткі заттарының адам денсаулығына, психикасына және қоғамдағы орнына тигізетін кері әсері туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ зиянды әдеттердің алдын алу жолдарын түсіндіру болды.
Дәріс барысында маман есірткіге тәуелділіктің пайда болу себептері, оның алғашқы белгілері, салдары және емдеу жолдары туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, жастар арасында жиі кездесетін психоактивті заттар, олардың заңдық жауапкершілігі мен әлеуметтік зардаптары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Сатқанов Нұрлан Фатихоллаұлы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытты тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына және кез келген зиянды әдеттен дер кезінде бас тартудың қажеттілігіне ерекше назар аударды. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Аталған кездесу дәрісі жастардың құқықтық және медициналық сауаттылығын арттырып, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық іс-шаралардың бірі болды.






