М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Мәдениет және өнер факультетінде болашақ шығармашыл мамандарға арналған жаңа оқу ғимараты – Шығармашылық шеберлік орталығы салтанатты түрде ашылды.
Бұл заманауи білім ордасы режиссура, хореография және мәдени тынығу жұмысы білім беру бағдарламалары, сондай-ақ көркем еңбек және мектептегі дизайн мұғалімдерін, сән және дизайн мамандарын дайындау бағытында білім алатын студенттер үшін арнайы жасақталған. Орталықта өнер мен білімді ұштастыруға бағытталған кең мүмкіндіктер қарастырылған.
Жаңа оқу ғимараты шығармашылық ойлауды дамытуға, кәсіби шеберлікті шыңдауға және заманауи талаптарға сай маман даярлауға толық жағдай жасайды. Мұнда жабдықталған шеберханалар, би залдары, сахналық кеңістіктер мен көркем студиялар студенттердің қабілетін ашып, олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыруына мүмкіндік береді.
Шығармашылық шеберлік орталығы – өнер мен мәдениеттің жаңа тынысын ашатын, жас таланттардың шабытын шыңдайтын рухани орта. Бұл игі бастама университеттің білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еліміздің мәдени және шығармашылық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.






