Құқықбұзушылықтың профилактикалық іс-шара

2026 жылғы 3 ақпанда Мәдениет және өнер факультетінің студенттері арасында құқықбұзушылықтың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара Батыс Қазақстан облысы прокуратурасынан түскен тапсырмаға сәйкес өткізілді.
Іс-шара аясында студенттерге «Закладчики. Расплата» және «Закладчики. Мать» атты деректі фильмдер көрсетілді. Фильмдерде есірткі тасымалдау мен таратудың салдары, заңсыз әрекеттерге барған жастардың тағдыры, олардың өздеріне, отбасына және қоғамға тигізетін ауыр зардаптары нақты өмірлік мысалдар арқылы баяндалады.
Көрсетілім барысында студенттер есірткі қылмыстары үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, заң алдындағы міндеттер және құқықтық мәдениеттің маңыздылығы жөнінде кең көлемде ақпарат алды. Фильмдер жастардың санасына ой салып, заңға қайшы әрекеттерден сақтандыруға бағытталған тәрбиелік мәнімен ерекшеленді.


Печать