2025 жылдың 27 қарашы күні мәдениет және өнер факультетінің студенттері мен магистранттарына арналған БҚО Экономикалық тергеп - тексеру департаменті, БҚО прокуратура мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.
“Киберқауіпсіздік: негізгі түсініктер мен белгілері” тақырыбы аясында қазіргі таңда өзекті болып отырған алаяқтық түрлері, одан сақтану жолдары, алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар шарада студенттермен кері байланыс жасалып, ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

