2025 жылдың 3–9 мамыр аралығында Мәдениет және өнер факультетінің деканы Қажымова Қ.Р. және аға оқытушы Потиченко Э.Г. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде (Уфа қ.) академиялық ұтқырлық аясында іссапарда болды.
🎤 Конференцияда ғылыми баяндама жасалып, БҚУ-дың таныстырылымы өткізілді.
🎶 Қобыз және фортепиано ансамблі бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылып, есептік концертте М.Төлебаевтың «Кестеле орамал» шығармасын дуэтте орындады.
🤝 Кездесу соңында әріптестік пен академиялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында дөңгелек үстел өтті.






