Жұмысқа орналасу

2019-2020 жылдарға бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы түлектерінің жұмысқа орналасуы

Қазақстанның экономикалық дамуының басым факторларының бірі жоғары оқу орындарының жас маман-түлектеріне қамқорлық жасау болып табылады. Еңбек нарығын жаңғырту – бұл еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы Жолдауында алға қойылған кешенді міндеттерінің бірі болып табылады. «Жұмыс күші мол аймақтарда жұмыс күшін жұмылдыру» туралы қолдау қарастырылған «жаңа жол картасы» әзірленуде.

Болашақ мамандарды ұсынылатын сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру мақсатында БҚУ-да жыл сайын «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді. Бітіруші студенттер жәрмеңкеде еңбек нарығы туралы, жұмысшы мамандарға мұқтаж болып отырған кәсіпорындар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндіктері бар. Жыл сайын университет педагог-түлектерге ауылдық мектептерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Әсіресе, жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа орналастыруға көп көңіл бөлінуде. 2009 жылдан бастап ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын жою мақсаты болып табылатын «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш мемлекеттік жоба аясында жас мамандарға тек жұмыс орны емес, сонымен қатар көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие және ауылдық елді-мекендерге жұмыс істеуге келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Мәдениет және өнер факультеті жыл сайын жұмыс берушілермен байланысты нығайтуға арналған іс-шаралар, олардың арасында конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізеді.

Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының нақты орналасуы еңбек нарығын, жұмыс берушілер мен түлектердің қажеттіліктерін, жұмысқа орналасу нәтижелерін және мүдделі тараптармен кері байланыс жүйесін зерттеуге негізделген.

Білім беру бағдарламаларының түлектері мемлекеттік білім беру мекемелерінде, қалалық және облыстық жарнама агенттіктері  мен жобалық құрастыру кәсіпорындарында үлкен сұранысқа ие, оған соңғы 3 жылдағы B031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн бағыты бойынша дайындаған кафедра түлектерінің 70%-дан астамы жұмысқа орналасқаны дәлел болады, ал 6В014 Жалпы дамуға мамандандырылған пәндік мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша көрсеткіш шамамен 100% құрайды.

Мәселен, дәстүрлі түрде жұмысқа орналасудың жоғары пайызын 5В041700 «Сәндік өнер» мамандығы - 100% және 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы - 92,5% көрсетеді. Сонымен қатар, 5В042100 «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу деңгейі өткен жылы (2019-2020 оқу жылы) 70% шамасын құрады. Бұл көптеген түлектердің жарнама агенттіктерінің қызметкерлері ретінде емес, өздері жеке тапсырыстарды қабылдап орындауымен байланысты.

Жаңа 6B01406 - Мектептегі көркем еңбек және дизайн, 6B02108 - Сән және киім дизайны, 6B02109 - Интерьер дизайны білім беру бағдарламалары бойынша алғашқы түлектер 2023 және 2024 жылдары бітіреді деп күтілуде.

Университет басшылығы түлектердің жұмысқа орналасуына және олармен үздіксіз байланыста болуына бар күшін салады. Облыс пен аймақтық кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында жас мамандарға ұсынылған жұмыс орнында өндірістік сараманнан өтуге бірегей мүмкіндік беріледі. Педагогикалық сараманнан облыс мектептерінде одан кейін жұмысқа орналастыру мақсатында өту іске асып жатыр.

Сараман барысындағы кейбір студенттер қазірде мұғалім болып жұмыс істейді. 5В042100 «Дизайн» мамандығының студенттері - дизайнер, 5В041700 «Сәндік өнер» мамандығынан - қолданбалы өнер шеберлері, сонымен қатар, егер олар М.Өтемісов атындағы БҚМУ үздіксіз білім беру орталығы арқылы кафедрада ұйымдастырылған «Еңбек технологиясы» қосымша білім беру бағдарламасы аясында білім алса, қала мен облыс мектептерінде, мектептен тыс жұмыс орталықтарында технология мұғалімі ретінде жұмыс істей алады.

Еңбек нарығындағы жастар мәселесіне жұмыс берушілерді тартудың кең таралған құралдарының бірі – «Бос орындар жәрмеңкесі». Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – аймақтағы мектеп пен оқу орындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын түлектерге мемлекеттік және әлеуметтік қолдау көрсету.

Кафедра түлектері үлкен сұранысқа ие, бұған бейнелеу өнері және дизайн кафедрасындағы ЖОББМ, оқу орталықтары мен қалалық жарнама агенттіктері жұмыс берушілерінің алғыс хаттары мен басшыларының пікірлері дәлел. Әртүрлі білім беру салаларына, көркемсурет-шығармашылық қызметтерге және қалалық дизайн индустриясына кадрлар дайындалуда.

 


Басып шығару