Кәсіби педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

2024 жылдың 27 мамыр күні Мәдениет және өнер факультеті, «Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасының 6В01404 «Музыкалық білім» және 6В02102 «Вокалдық өнер» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттерінің кәсіби педагогикалық практикаларының аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізілді. Студенттер практиканы Орал қаласындағы №5, 10, 41, 46, 47 мектептерде және БҚО әкімдігі білім басқармасының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатында», Дина Нүрпейісова атындағы балалар саз мектебінен сонымен қатар сұраныс бойынша БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Федеровка ЖОББМ-де, Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 гимназиясы» КММ-де, Маңғыстау облысы білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы МКҚК Ақшұқыр өнер бөлімшесінде, Астана қаласы, «Zhan Alem Group» Кадр саясаты басқармасында, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-де өтті.

Конференция барысында студенттер 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап 25 мамырына дейін өткен кәсіби педагогикалық практика бойынша өз есептерін ұсынды. Олар өздерінің баяндамаларында жетістіктер мен проблемалар туралы, мұғалім, педагог рөлінде болғандағы әсерлері туралы айтты. Студенттер әдіскерлер, тәжірибе жетекшілері тарапынан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы Л.Қ.Өмірзақова студенттерді кәсіби педагогикалық практикаларын ойдағыдай аяқтағандарымен құттықтап, болашақ кәсіби қызметтеріне алдағы уақытта педагогикалық жетістіктер тіледі.

Конференция қорытындысында студент – практиканттар гимназия мен мектеп әкімшілігіне, музыка пәнінің мұғалімдері А.С. Нығметова мен Ж.Б. Шангитбаеваға және практиканың әдіскер-жетекшілеріне практика барысында көрсеткен жан-жақты көмектері үшін алғыстарын білдіріп, практика барысында кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, болашақта оларды шешу жолдарын талқылады.


Басып шығару