2024 жылдың 20 мамыр күні Мәдениет және өнер факультеті, «Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау» білім беру бағдарламасының 6В01404 «Музыкалық білім» 3 курс және 2 курс жеделдетілген топ студенттерінің педагогикалық практикаларының аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізілді. Студенттер практиканы Орал қаласындағы №5, 10, 47 мектептерінде өтті.
Конференцияға Мәдениет және өнер факультетінің деканы Кажимова Қарлығаш Рахымқызы, «Музыка мұғалімдерін және орындаушылық өнер мамандарын дайындау» БББ жетекшісі Бабенко Ольга Александровна және пән әдіскерлері, оқытушылар қатысты.
Сөз кезегі студенттерге беріліп, олар практика қорытындысы туралы есеп берді. Педагогикалық практикада болған студенттер кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, болашақта оларды шешу жолдарын талқылады.