М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Мәдениет және өнер» факультеті
Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім беру бағдарламасы
«Музыкалық білім» және «Вокалдық өнер» БББ бойынша студенттердің үздіксіз және кәсіби сараманға орналасуы туралы есеп
2023-2024 оқу жылында оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес ақпан айының 12-нен бастап 6В01404 «Музыкалық білім» БББ 3 курс жеделдетілген, 4 курс (Моб/у-33, Моб-41, Моб 31(3) топтары) және 6В02102 «Вокалдық өнер» БББ 1, 2, 3 курс жеделдетілген және 4 курс (Ви-11, Ви-21, Ви-41, Ви 31(3) топтары) жалпы орта білім беру мектептері мен қосымша білім беру мекемелеріне, мәдениет үйлеріне практикаға орналастырылды.
Моб-41 және моб/у-33 топтары БҚО, Орал қаласында орналасқан №10, 5, 41, 46, 47 мектептерге орналасып және студенттердің өз сұраныстары бойынша Ш.Сакенұлы - БҚО әкімдігі білім басқармасының «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты», Г.Кабиева - БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Федоровка ЖОББМ-не, А.Рашидова - Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 гимназиясы» КММ-не орналастырылды.
Моб 31(3) топ студенттері өз сұраныстары бойынша Н.Сағынов - Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Индер балалар өнер мектебі» КМҚМ-не, А.Серікқали - БҚО, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ЖОББМ-не, Б.Сырым - Атырау облысы, Атырау қаласы «ЖББ Береке орта мектебі» КММ-не орналастырылды.
Ви-11, Ви-21 топтары Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің №2 филиалына орналасса, Ви-41 топ студенттері аталған музыка мектебінің №1,2,3 және негізгі филиалына сонымен қатар өз сұраныстары бойынша М.Дастан – Маңғыстау облысы білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы МКҚК Ақшұқыр өнер бөлімшесіне, А.Нұрмұхан – Астана қаласы, «Zhan Alem Group» Кадр саясаты басқармасына, И.Сакиев – Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-не орналастырылды.
Ви 31(3) топ студенттері өз сұраныстары бойынша Н.Ізбасарова – Атырау облысы білім басқармасының Қызылқоға аудандық білім бөлімі, Миялы балалар өнер мектебі КМҚК-не, Б.Батырқызы – ОҚО, Алматы қаласы, «Lyric vocal music studio», Ш.Пронина – Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияна, Т.Амиргалиев – БҚО әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің «Балалар музыка мектебіне» орналастырылды.
Барлық күндізгі бөлімде оқитын студенттер әдіскер К.Е.Бисековамен бірге мектепке кіріп, оқу ісінің меңгерушілерінің қатысуымен класстарға бөлініп, пән мұғалімдерімен танысып, қазіргі кезде мектепте практикаларын жалғастыруда.