М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
«Мәдениет және өнер» факультеті
«Музыкалық білім және вокал» кафедрасы Музыкалық білім мамандығы бойынша
20.01.2020-11.04.2020 ж аралығында Моб-41 және жеделдетілген Моб\у-33 топтарының мемлекеттік педагогикалық сараманнан өту қорытындылау конференциясы өтті
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты конференцияға Zoom платформасы арқылы өткізілді.
Конференцияға «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының әдіскері Д.Н.Малаева, «Мәдениет және өнер» факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары , магистр аға окытушы Хабадашев Нұрдәулет Асқарұлы
Мансап орталығының жетекшісі Султангужиева Айгүл Жақсыбаевна
«Музыкалық білім және вокал» кафедрасының Моб-41 тобының кураторы аға оқытушысы магистр Г.Е.Утегенова.
Күндізгі жеделдетілген Моб\у-33 тобының кураторы оқытушы, магистр А.Ж.Кенжегалиева және студенттер қатысты.
Студенттердің көпшілігі интернет желісінің әлсіздігінен тікелей қосыла алмағандықтан өз жұмыстарын слайд түрінде презентация жасап, өздері дыбыстап, баяндап видеоға түсіріп қорытынды есептерін жіберді. Сол жұмыс қорытынды есептері конференцияда көрсетілді.
Моб-41 және жеделдетілген Моб\у-33 тобы «Музыкалық білім» мамандығы тобындағы студенттер 20.01.2020-11.04.2020 ж аралығында қаладағы №1 ЖОББМ және №5 ЖОББМ-де, сонымен қатар студенттерді университет қабырғасынан шыққаннан кейін жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылған шара бойынша бір студент өз ауылдарындағы мектептен педагогикалық сараманнан өтті.
Жалпы педагогикалық сараманға барған барлық мектептер де студенттерді жақсы қарсы алды. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарымен және пән мұғалімі мен сынып жетекшілермен сөйлесіліп, әрбір студент сыныптарға бөлінді.
Педагогикалық сараманға барған барлық студенттер жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес белсенді оқыту әдістерін де тиімді қолдана білді.
Педагогикалық практика барысында өздеріне белгіленген сыныптарда музыка сабағын, сыныптан тыс іс-шаралар, қорытындысында ашық сабақ және тәрбие сағатын өткізді. Машықкерлер сабақтарына тиянақты даярланып, еңбекқорлығы, ұқыптылығымен көрінген Хайруллина Айнагуль, Ермеккали Ырысбек, Бақытжан Дарын, Жәнібек ауданындағы А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің машыккері Нуртаева Айнара, Елеусинова Асемгуль, тәрізді студент-машықкерлерді ерекше атауға болады.
Қорытынды барысында өте жақсы , жақсы деген бағалармен бағаланды.