Музыкалық білім мамандығы студенттерінің педагогикалық сараманы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мәдениет және өнер факультеті

Музыкалық білім мамандығы студенттерінің педагогикалық сараманы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ Мәдениет және өнер факультеті музыкалық білім мамандығының педагогикалық сараманы ЖОО мансап орталығының бекітілген кестесіне сай оқу жылының екінші жартыжылдығында өтіледі.

Музыкалық білім және вокал кафедрасында педагогикалық сараманға алдын ала Орнықтыру конференциясы өткізіліп, машықкерлер мектептерге бөлініп, әдіскерлер тағайындалады.

Педагогикалық сараманның алғашқы күнінен студент-машықкерлер әдіскерлерімен бірге өздері бөлінген мектептеріне барып мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, музыка мұғалімімен танысты. Өздеріне бөлінген сыныптарда болып, оқушылармен жақынырақ танысу бағытында бірнеше сабақтарға қатысады және кестеге сай музыка сабақтарын өткізеді.

Педагогикалық сараман барысында студент-машықкерлер өздеріне бөлінген сыныптарда сабақ берумен қатар, мектептегі өткізілген түрлі іс-шараларға музыкалық көркемдеу жағынан көмектеседі. Мысалы, мектепішілік өтетін «Аналарға мың алғыс!», «Ардақтайық ананы!», «Наурыз - жыл басы!» және т.с.с.іс-шараларда студент-машықкерлер өз өнерлерін көрсете білді.

Осы кезеңдерге дейінгі мектептердегі мектепішілік немесе сынып сағаттарында ата-аналар қатысып, студенттер мен оқушылар ынтымақтастығы, белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп отырды. Көптеген студент-машықкерлеріміз І.Мұқтар, Н.Ибрашев, Д.Кулчарова, Н.Гайсина және т.б. ата-аналар мен оқушылары, сынып жетекшісінің алғысына ие болды.

Студент-машықкерлер сабақ барысында жаңа технологияны тиімді пайдалануға тырысады. Сабақтың музыка тыңдату сәтінде тыңдатылатын шығарманы аспапта ойнауға өздері ойнауға көңіл бөледі.

ЖОББ мектептердегі музыка мұғалімдері өз білгендерін студент-машықкерлерге үйретуден жалықпай, сараман барысында әртүрлі тапсырмаларды орындату арқылы тартымды ұйымдастыра біледі.

Педагогикалық сараман әр мектептердегі кіші педагогикалық кеңесте қорытындыланады.

Педагогикалық сараман соңында кафедрада қорытынды конференция өткізіліп, студент-машықккерлер өздерінің алған әсерлерін әңгімелеп, алдағы мәселелерді талқылайы. Қорытынды конференцияға ЖОББМ музыка мұғалімдері шақырылып, қатысады. Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі, әдіскерлер, пән оқытушылары да қатысады.

Сараман соңында төмендегідей іс-қағаздарын тапсырады:

1. Күнделік.

2. Өткізілген сабақтары конспектісі.

3. Жалпы білім беретін орта мектепте педагогикалық сараманнан өткендігі жөнінде студент-машықкерге берілген мінездеме /бір дана/. Мектеп директоры немесе музыка мұғалімінің қолдары қойылған және мектептің мөрі басылған болуы керек.

4. Бір сабақтың әдістемелік жоспары /пайдаланылған көрнекіліктерімен/.

5. Бір сыныптан тыс музыкалық іс-шараның әдістемелік жоспары /пайдаланылған көрнекіліктерімен/.

6. Бір оқушыға (сынып ұжымына) жазылған психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7. Педагогикалық сараман есебі.

Педагогикалық сараманның портфолиосын жабдықтау нәтижесі, орындау деңгейіне қарай студент-машықкерлер жалпы қорытынды бағаланды.


Басып шығару