Жыл сайын қыркүйек айында кәсіби бағдар беру жұмысы және базалық мектептермен іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітіледі. Қала және аудан мектептеріне кәсіби-бағдар жұмыс жүргізу үшін оқытушылар тағайындалады. Кафедрамыздың кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша жауапты болып тағайындалған оқытушы Ш.Е.Катчекова үлкен жауапкершілікпен жұмыстанып келеді.
Кафедраның кәсіби бағдар жұмысы әр түрлі бағытта жүргізіліп, кафедра оқытушылары өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарап келеді. Қала және аудан ЖОББМ тығыз байланысып, мектеп түлектеріне болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау жолында жұмыс жүргізіп келеді. Кафедраның әрбір оқытушысы өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарап, бейнелеу өнері және сызу, дизайн, сәндік өнер мамандықтарын таңдаған оқушыларға жан-жақты кеңес беріп, шығармашылық емтихан талаптарын түсіндіріп, бағыт беріп отырады. Атап айтсақ, Н.С.Тілеуханов, Ғ.Х.Қапақов, Т.Ә.Хамзин, Т.Р.Сарманбеков, О.И.Ворожейкина, Б.А.Молдашева, А.Т.Испанова, А.Б.Абдешев, А.Ж.Дюсенбаев, С.Т.Сарманбековтар қалалық №1, 2, 9, 21, 26, 41, 49 ЖОББМ, Вальдорф бағдары мектеп гимназиясы, Эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясының 11-сынып оқушыларына және Құрманғазы атындағы саз колледжі мен Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің студенттеріне үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырып жүр.
Педагогикалық сараман барысында бейнелеу өнері және сызу мамандығының 3-4 курс студенттері шығармашылық көрмелер, байқаулар, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған шеберлік-сағатын өткізуге атсалысып, 11-cынып оқушыларына кездесу ұйымдастырып тұрады. Бұл кездесуде олар өздері білім алып жатырған мамандықтың болашағы, кафедраның білім беру бағдарламалары, қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы, жақын және алыс шетел университеттерінде семестрлік оқу мүмкіндігі туралы ақпараттар беріп, оқушыларға студенттік өмір туралы қызықты ойларын айтып, бөліседі.
Жыл сайын кафедра филиалдары бойынша да біршама жұмыстар атқарылып жүр. Кафедра оқытушылары тех.ғ.к., доцент И.Ө.Өтегенов, филос.ғ.к., доцент Н.С.Тілеуханов және аға оқытушы А.Қ.Базарбаева Құрманғазы атындағы саз колледжі мен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бітіруші түлектеріне шеберлік-сыныптарын өткізеді.
Осы шеберлік сыныптардың мақсаты – жас дарындардың жаңа идеяларды ойлауға, шығармашылық эскиздер мен инновациялық жобаларды жасауға шабыттандыру және оларға тәжірмбелік кеңестер беру.
Доцент И.Ө.Өтегенов шығармашылық мамандықтар бойынша оқуға түсу емтихандары, мамандық таңдауға әсер ететін факторлар, кәсіби қызмет салалары мен жұмыспен қамту мүмкіндігі, дизайнның әр түрлі салаларын дамыту перспективалары туралы ақпарат аясында жас дизайнерлердің сызу бойынша оқуға түсу емтиханында жіберетін негізгі қателіктерін анықтап, олардан аулақ болу жөнінде кеңестер берді. Ол «Қала құрылысы құрылымының заманауи бағыты» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді, онда ол қала құрылысының негізгі ережелері, Қазақстандағы мегаполистер мен ірі қалалардың даму болашағы мен мәселелері туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Профессор О.И.Ворожейкина студенттерді әңгімеге белсенді қатыстыра отырып «Дизайн негіздері және компьютерлік графика» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Колледж студенттері мен оқытушылары түрлі кәсіби мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Қызығушылық танытқандар автордың эскиздері, көркем образдар жасау, фирмалық стиль туралы кеңестер ала алды. Сондай-ақ, бейнелерді компьютерде жылдам құрудың және өңдеудің бірқатар әдістері көрсетілді. Заманауи және инновациялық жобаларды құру кезіндегі компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін көрді. Photoshop, 3DMAX, Cinema 4d,Revit,Blender, Rhino бағдарламаларының ерекшеліктері атап өтті.
Аға оқытушы А.Қ.Базарбаева «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың заманауи сәулеті» тақырыбында мазмұнды мастер-класс өткізді, дизайн ортасындағы заманауи инновациялар туралы айтты. Қазіргі заманғы сәулет өнерінің жетістіктері туралы мазмұнды презентация көрсетті. Архитектуралық ортаның дизайны – шынайы заттық-кеңістіктік нысандардың жекелеген формалары мен кешендерін құруға бағытталған мәдениеттің жалпы жүйесіне, «жеке» дизайн жүйесіне кіретін жобалық қызмет түрі. Аға оқытушы білім алушыларға қағазды пайдаланып, паперкрафт техникасында көпбұрышты жүрек пішінін жасау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Papercraft – бүгінгі күні өте танымал әдіс және әртүрлі 3D-модельдерді, жануарлардың басын және декор элементтерін жасауға мүмкіндік береді. Ұстаз креативтік қор қазіргі заманғы жас дизайнердің өмірлік маңызды қасиетерінің бірі екенін атап өтті.
Іс-шара бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының қолдауымен перспективалы жас мамандардың шынайы өмірде тиімді қарым-қатынас жасау мақсатында біріктіретін интернет-комьюнити аясында ұйымдастырылды.
Мәдениет және өнер факультеті жыл сайын дәстүрлі түрде «Жас дарын» байқауын ұйымдастырады. Бұл байқау 10-11 сынып оқушылары және колледждерді бітіруші түлектер арасында үздік шығармашылық қабілеттерімен көзге түскен дарынды жастарды университетке тарту үшін өткізіледі. Нәтижесінде байқауға қатысушылардың біразы 6В01405 Бейнелеу өнері және сызу, 6B01406 Мектептегі көркем еңбек және дизайн, 6В02106 Сәндік өнер, 6В02107 Дизайн, 6B02108 Сән және киім дизайны, 6B02109 Интерьер дизайны ББ мамандықтарына оқуға түсіп, қазіргі таңда университетімізде білім алып жүр.
Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын, креативтік дизайн жобаларын ұсынды.
«Киім дизайны» номинациясы
«Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясы
«Бейнелеу өнері» номинациясы
Жыл сайын университеттте өтетін «Ашық есік» күні шарасына Ш.Е.Катчекова атсалысып, «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының мамандықтарын таңдаған қала және аудан мектептерінің түлектерін мәдениет және өнер факультетімен таныстырып, экскурсия жасайды, түлектерді арнайы шеберханаларға, кескіндеме, сурет, компьютерлік сабақтар өтетін кабинеттермен таныстырады. Кафедра меңгерушісі Ж.С.Кайнбаева кафедра ұжымымен студенттермен кездесу ұйымдастырып, таныстырады.
Сонымен қатар, кафедрада жексенбілік мектеп екі бағытта жұмыс жасайды. «Көркем керамика» шығармашылық үйірмесі – жетекшісі магистр, Еуразия ДО мүшесі Н.А.Хабадашев, «Көркем тоқыма» үйірмесінің жетекшісі магистрант Ә.К.Есенғалиева.
Жылма жыл кафедраның кәсіби бағдар жұмысы бойынша кафедрамыздың мамандықтары бойынша жарнамалық буклеттер мен презентациялар жаңартылып тұрады.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы аймақтың шығармашыл жастарымен ынтымақтастыққа әрдайым ашық.