Музыкалық білім және вокал кафедрасының «Жексенбілік мектебі»
Кафедрада жексенбілік мектеп дарынды жастарды музыкалық білім және вокалдық өнер мамандықтарына тарту үшін кәсіби бағдар беру мақсатында құрылды. Жұмыстың негізгі мақсаты шығармашылық-эстетикалық талғам мен көркемшығармашылық қабілеттерін және әр түрлі өнер түрлеріне бейімділігін дамытуға бағытталған.
Адамның вокалдық қабілеті өмір бойы қалыптасып дамиды және түзетіледі. Сондықтан вокалдық студияларда сахнада өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі студенттер, жаңадан ән айтып бастап келе жатқан студенттер және музыкалық қабілеті бар студенттер ән айтумен айналыса алады.
Вокалдық студиялардағы сабақ барысында музыкалық қабілеті, музыкалық есте сақтау, ырғақты сезіну, дауыс қою, музыкаға эмоционалдық сезімдерін күшейту, әртістік қабілеттері дамытылады.
Міндеттері:
- білім беру: дауысты қою және жетілдіру, ән айту дағдысын қалыптастыру, әр түрлі вокалдық репертуарлармен таныстыру;
- тәрбие беру: ән айту әдебінің маңызды факторы ретінде вокалдық есту қабілетін тәрбиелеу; ұйымдастырушылыққа тәрбиелеу; зейін қою, жауапкершілік, еңбекқорлық;
- дамытушылық: музыкалық қабілетін дамыту, музыкалық есту қабілеті, әрі қарай өзін-өзі дамытуға дайындығының мотивациялық құрамдас бөлігі ретінде ән айтуға деген қызығушылығын дамыту.
Вокалды білім беру және әншілік шеберлікті дамыту біртұтас педагогикалық процесте біріктіріліп, вокалистің дауыстық аппаратты жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс болып табылады және жан-жақты әрі үйлесімді дамыған оқушы тұлғасының қалыптасуына ықпал етеді.
Жыл бойы тұрақты түрде кесте бойынша төмендегідей бөлімдермен сабақтар жүргізіледі:
* ырғақты сезу қабілетінің дамуы;
* музыканы тыңдау;
* дауыс қою;
* ән жазу шығармашылығы;
Жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған топтарда әр айда екі рет белгіленген уақытта сабақ өткізіледі.
Музыкалық тәрбие берудің міндеттері құрылды:
1. Балаларды музыкалық бейнелерді қабылдауға дайындау;
2. Гармониялық дамудың негізін қалау (есту, дауыс, зейін, әуен ырғағы мен әсемдігін сезіну, жеке музыкалық қабілеттерін дамыту, шығармашылық идеяларды қалыптастыру);
3. Балаларды қазақ және орыс халықтарының халықтық-дәстүрлі және әлемдік музыкалық мәдениетімен таныстыру;
4. Балаларды мүмкіндіктеріне сәйкес музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі әдістері мен дағдыларын дамытуға дайындау;
5. Музыканың сан түрлі формалары мен жанрларын қызықты әрі қолжетімді түрде таныстыру;
6. Жан-жақтылық қабілеттерін дамыту (бір-бірімен қарым-қатынас, шығармашылық жолында музыкалық тәжірибелерін қолдану).
Жас ерекшеліктеріне байланысты құрылған топтарда қойылған міндеттер бойынша тапсырмалар орындалды, алдағы уақытта шығармашылық даму тұрғысынан әлі де үлкен жетістіктерге жетеміз. Сонымен қатар ағымдағы жыл барысында ата-аналар мен оқушыларға қызықтырған сұрақтары бойынша ақпараттар және кеңестер берілді.
1.Тақырыптық жоспар
№ |
Бөлімдер мен тақырыптар атауы |
1 |
1. Кіріспе сабақ. Бағдарламамен танысу. 2. Студенттерді тыңдау, дауысы бойынша жіктеу. |
2 |
1. Ән айтуын қалыптастыру (дауыс қою). 2. Ән айту тынысын қалыптастыру. |
3 |
1. Музыкалық дыбыс. 2. Дыбыстың жоғарылығы. 3. Дыбысты шығару және интонацияның тазалығы бойынша жұмыс |
4 |
4.1. Дикцией мен артикуляция бойынша жұмыс |
5 |
5.1. Ансамбль сезімін қалыптастыру.. |
6 |
1. Сахналық мәдениетін қалыптастыру. 2. Фонограммамен жұмыс. |
№ |
Аты - жөні |
Өтетін орны |
Уақыты |
1 |
Мергали Алан |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
2 |
Есельбай Айша |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
3 |
Есельбай Рабия |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
4 |
Санбаева Дана |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
5 |
Хамзин Алинур |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
6 |
Исмайл Тимур |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |
7 |
Ерсайын Саяра |
кор.4 ауд.106 |
Сәрсенбі 17.00 - 17.50 |