Өмірбаян
Кенджакулова Айнур Бериковна – 6D041600 – Өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD), М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бейнелеу өнері» бөлімінің аға ғылыми қызметкері.
Кенджакулова Айнур Бериковна 1988 жылы 17 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген, ұлты – қазақ.
Өнертану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін, 2021 жылы «Қазақ графика өнеріндегі фольклорлық мотивтерді интерпретациялаудың өзектілігі: Тәуелсіздік кезеңі» тақырыбында диссертациясын жазып шықты.
2006-2010 жылдар аралығында Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы» кафедрасында «Өнертану» мамандандыруы бойынша жоғарғы білім алды. Осы тұрғыда Айнур Бериковна «Р.Сахи шығармашылығындағы ұлттық нақыш» тақырыбында дипломдық жұмыс жазып шықты.
2012 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Бейнелеу өнері» бөліміне аға лаборант лауазымына қабылданып, 2015 жылы кіші ғылыми қызметкер, 2018 жылы ғылыми қызметкер болып, 2019 жылы ғалым хатшы лауазымына ауыстырылып, бүгінге дейін Институт қабырғасында жұмыс жасап келеді.
2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің «Тарих және құқық» институты, «Жалпыуниверситеттік саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасына магистратураға қабылданып, 2016 жылы «6М020400 – Мәдениеттану» гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды. Жас ізденуші «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан бейнелеу өнері қайраткерлерінің еңбектеріндегі эпостық жанр ерекшелігі: мәдениеттанулық талдау» атты магистрлік диссертация жоғарғы деңгейде жазып шықты.
2019 жылы – Жастар жылында Тұран-қазақ суретшілер консолидациясының ұйымдастыруымен өткен байқауға қатысып, «Бейнелеу өнеріндегі шығармашылығы үшін» Халықаралық Тұран сыйлығының лауреаты атанды.
2022 жылдан Халықаралық өнер сыншылары қауымдастығының (AICA) мүшесі.
Кенджакулова Айнур Бериковна (ID Scopus: 57216617189, ORSID: 0000-0001-8559-6429) Халықаралық және Республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік конференцияларының белсенді қатысушысы. 30-ға жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар мен ұжымдық монографиялар бөлімдерінің авторы.
Ғылыми еңбектері
Scopus дерекқорындағы CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) пайызтилімен рецензияланған ғылыми журналдардағы жарияланым
2020
- SharipovaS., Kenjakulova A.B., Kobzhanova S.Z., Orazkulova K.S., Kenzhebayeva L.A. Revisiting the Kazakh Famine at the Beginning of the 1930s in Fine Art Forms from the Perspective of Cultural Memory // Rupkatha Journal on Interdisciplinary Studies in Humanities. –Vol.12. – № 1. CiteScore – 0.12. Percentile; Quartiles (Arts and Humanities/General Arts and Humanities) 49; Q4. 2020 | journal-article. DOI: 10.21659/rupkatha.v12n1.16. EID: 2-s2.0-85084047578. ISBN: 09752935.
ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдардағы жарияланымдар:
2018
1 Кенджакулова А.Б. Ұлттық графикадағы батырлар мен ғашықтар бейнесі // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал. – 2018. №3 (58). – Б.43-49.
2019
- Кенджакулова А.Б. Заманауи қазақ графикасындағы дала фольклоры // Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. – № 2 (78). – Б. 295-302. URL: https://vestnik.kazmkpu.kz/jour/article/view/211/210
- Кенджакулова А.Б. Ералы Оспанов шығармашылығындағы фольклорлық мотивтер // Қазақстанның ғылымы мен өмірі. – 2019. №5/3. – Б. 223-228. (Электронный архив журнала отсутствует)
- Кенджакулова А.Б. Образы великой степи в книжной графике Казахстана //«Вестник» КазГосЖенПу. – 2019. № 4 (80). – С. 315-320. URL: https://vestnik.kazmkpu.kz/jour/article/view/491
- Кенджакулова А.Б. Наследие звериного стиля в творчестве Евгения Сидоркина // Наука и жизнь Казахстана. 2019. – № 8/3. – С. 184-188. (Электронный архив журнала отсутствует)
- Кенджакулова А.Б. Традиции востока в развитии книжной графики Казахстана // Наука и жизнь Казахстана. 2019. – № 10/1. – С. 323-326.
2020
- Кенджакулова А.Б. Осмысление трагических моментов национальной истории в графике и монументальной скульптуре Казахстана//Вестник КазГосЖенПу. – № 1 (81). – 2020.– С. 315-320.URL:https://vestnik.kazmkpu.kz/jour/article/view/435
- 2 Кенджакулова А.Б. Қазақстанның заманауи кескіндеме, графика өнеріндегі фольклорлық және тарихи бейнелер // Наука и жизнь Казахстана. – 2020. – №10/1 (141). – С. 211-215. (Электронный архив журнала отсутствует)
2022
- Кенджакулова А.Б. Қазіргі қазақ станокты графикасындағы фольклорлық мотивтер // Keruen. – 2022. – №3 (76) – Б. 285 - 303. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2022.3-25
- Кенджакулова А.Б. Актуализация национального фольклора в графике и комиксе Казахстана// Keruen. – №1(74). –– С. 225-231. https://doi.org/10.53871/2078-8134.2022.1-20