педагогика ғылымдарының кандидаты
Жалпы еңбек өтілі: 29 жыл
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Өмірбаян
Студенттерді тәрбиелеу жұмысына белсене қатысады.
Облыстық «Жас қанат» байқауында 3 – орын (1999ж), қалалық патриоттық әндер байқауынан 1 – орын(2001ж), облыстық патриоттық әндер байқауында 2 – орын (2001ж), облыстық «Дала дарындары» байқауында 2 – орын (2002ж), облыстық «Ән қанатында» байқауында 1 – орын (2003ж), Республикалық Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен» , І-ші Республикалык Ә.Бейсеуов атындағы «Армандастар» , Халықаралық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», Халықаралық «Ялта-2006», Польша мемлекетінде өткен «Мир под Кычером» байқауларының лауреаты.
Қуаныш Лабибұлы ҚР Композиторлар Одағының мұшесі, ҚР ҚазАҚ авторлар қоғамының мүшесі, көптеген әндердің авторы. Мысалы: университетіміздің гимні атанып жүрген «Менің Университетім», «Ержүрек Мәншүк», «Ұлы дала тынысы», «Жаннатым», «Туған жерім», «Ақжайықтың жастары», «Ақұштабы - Алаштың», «Астана», «Әке», «Мереке вальсі», «Тәуелсіздік таңы», «Майдангерлер», «Сарбаздар хаты», «Аналарға арнау», «Өнермен өңді өмірім», «Достық туы», «Досым», «Сағынамын», «Өнерім өмірім», «Жерұйық», «Біз - бақыттымыз», «Жапырақ ғұмыр», «Өзіміз жайлы аңыз», «Махамбет білім ордасы» т.с.с. көптеген әндері арқылы композиторлық өнердің биік шыңына жетіп жүрген талант иесі.
Қуаныш Лабибұлы қоғамдық жұмыстарға да үлкен жауапкершілікпен араласады, шығармашылық бағытта көптеген шәкірттері университет атынан Халықаралық, Республикалық және облыстық байкауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалға:
«Дарын» квартеті - Облыстық «Алтын дауыс» байқауының 3 – орын иегері, республикалық Ә.Молдағұлова атындағы патриоттық әндер байқауының І орын иегері (Ақтөбе), Халықаралық «Европа + Азия» байқауының алтын кубогі иегері (Орынбор).
«Қорған» тобы - Облыстық Ш.Қалдаяков атындағы «Ақ ерке Ақжайық» байқауының 3 – орын иегері, І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері, облыстық «Дала дарындары» байқауының 1 – орын иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің құрмет грамотасы иегері (Астана), Халықаралық На Николаевской атындағы шығармашыл жастар конкурсының І орын иегері (Орынбор).
Дауренбек Мергалиев - Облыстық «Дала дарындары» байқауының дипломанты, Республикалық «Жас қанат» байқауының 1 – орын иегері (Астана).
Рустем Кереев - Облыстық «Студенттік көктем» байқауының бас жүлдегері, Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының 2 – орын иегері (Тараз).
Армат Амандықов - Аймақтық «Ержүрек Мәншүк» байқауының бас жүлде иегері, бүгінгі таңда Ақтөбе драма театрының актеры.
Бақтылы Кунебаева - Республикалық «Келсеңші маған ән болып...» байқауының дипломанты(Тараз), Х фактор байқауының финалисті, Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауының бас жүлде иегері (Орал).
Айтемір Даулетқалиев - І Аймақтық «Ер журек Мәншүк» байқауының 3 – орын иегері.
«БатысSTAR» тобы - Облыстық патриоттық әндер байқауының 3 – орын, Халықаралық «На – Николаевской» байқауының ГРАН-При (Орынбор), І.Жақанов атындағы Халықаралық «Еділ мен Жайық» байқауының 2 орын иегері (Атырау).
«Қорған» (2 топ) тобы - Наследники традиций Халықаралық байқауының Гран-При иегері (Саратов РФ).
«MakhamBand» (1топ) тобы - На крыльях музыки Халықаралық байқаудың лауреаты - 3 орын иегері (Самара).
Гүлсезім Жардемова - Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауы алғыс хат (Орал)
Әжігереева Балауса - Республикалық Шалқар толқыны байқауы дипломант (Орал)
Сақы Ақерке - Е.Хасанғалиев атындағы Халықаралық «Атамекен» ән байқауы алғыс хат (Орал)
«MakhamBand» (2 топ) тобы - Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай - Досмұқасан республикалық байқауының 1 орын иегері (Алматы) т.б...