7М01404 «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы
|
БББ атауы |
7М01404 – Музыкалық білім |
|
Дайындық бағыты |
7М014 Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді дайындау |
|
Мақсаты |
Жоғары, орта және кәсіби білім беру жүйесінде музыкалық білім саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға қабілетті, еңбек нарығының қажеттілігін қанағаттандыратын, жеке тұлға және жалпы мәдени, кәсіби және пәндік құзыреттіліктері мен оларды практикалық қызметте жүзеге асыру дағдылары бар, жаңартылған музыкалық білім беру саласында іргелі теориялық-әдіснамалық дайындыққа ие бәсекеге қабілетті білікті магистр дайындау. |
|
Құзыреттіліктер |
Жалпы білім беру құзыреті; ақпараттық құзыреттілік; мемлекеттік, орыс және шет тілдері саласындағы құзыреті; жеке тұлғаны дамыту саласындағы құзыреттілік; кәсіби саладағы құзыреттілік; білім беру, мәдениет және өнер саласындағы құзыреттер; оқу құзыреті; тұлғааралық, мәдениетаралық және әлеуметтік |
|
Оқыту тілі |
Қазақ, орыс |
|
Берілген академиялық дәреже |
7M01404 Музыкалық білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі |
|
Оқыту нәтижелері |
Өзінің педагогикалық қызметінде жоғары мектептің педагогика және психология білімін қолдана отырып, жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы ерекшеліктерін және әртүрлі психодиагностикалық әдістерді кәсіби қолданады; кәсіби менеджмент негіздері саласында білім, білік және дағды алуға байланысты мақсаттарды талдайды және нақтылайды; оқу процесінде музыкалық білім берудің іргелі негіздерін және оның басқа ғылымдармен өзара байланысын, жоғары мектептегі ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік жұмыс негіздерін, әртүрлі білім беру технологияларын білуді қолданады; өзінің кәсіби қызметінде осы білімдерді қолдана отырып, ақпаратты жинаудың, сақтаудың, өңдеудің компьютерлік әдістерін тәжірибеде қолданады; мәдениетпен, өнермен, кәсіби музыкалық терминологиямен, орындаушылық шеберлікпен байланысты кәсіби қызмет жағдайында алған теориялық білім мен практикалық шығармашылық жұмыс дағдыларын жүзеге асырады; жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі мен музыкалық білім беру саласында іргелі теориялық-әдіснамалық дайындықты синтездейді; өзінің педагогикалық қызметінде жоғары мектептің педагогика және психология білімін қолдана отырып, жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы ерекшеліктерін және әртүрлі психодиагностикалық әдістерді кәсіби қолданады; казақстандағы және шетелдердегі жоғары білім беру педагогикасының негізгі жетістіктерін, мәселелері мен даму тенденцияларын, сондай-ақ педагогикалық іс-әрекетті модельдеудің заманауи тәсілдерін бағалай отырып, университет педагогикасы мен психологиясы саласында алған жүйелі білімдерін пайдаланады. |
|
Аккредиттеу |
5жыл 2030 дейін сертификатталды № 25/25КА0116 |
|
Рейтинг |
- |


