6М042100 – Дизайн

Магистратура деңгейі

1. 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша білім берудің мақсаты

6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:

– еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;

– өнертану ғылымы саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану;

– кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрдің негізгі және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыру;

– магистранттардың дизайн бағытындағы үдерістер мен құбылыстарды талдауы және бақылаудың ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік әдістерін меңгеруі.

2. Мамандық және қызмет түрлерінің атауы Аталған білім беру бағдарламасын бітірушіге 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі. Өнертану ғылымдар магистрі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 25 қараша 2010 жылғы № 385-е бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің Біліктілік анықтамалығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13 шілде 2009 жылғы № 338 бұйрығымен бекітілген педагогикалық қызметкерлер мен оған теңестірілетін тұлғалардың типтік біліктілік сипаттамасына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайтын дизайнер лауазымды иеленуі мүмкін.

3. Білім беру бағдарламасы бітірушілерінің біліктілік сипаттамасы

3.1 Кәсіби қызмет аясы 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрі өзінің кәсіби қызметін гармониялық заттық-кеңістіктік ортаны құрастыруға арналған көркем жобалаудың заманауи құрал-жабдықтарын, әдістерін және формаларын пайдалана отырып, әртүрлі көркем нысандардың жағдайына байланысты дизайн жобаларын орындау аясында жүзеге асырады.

3.2 Кәсіби қызмет нысандары 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет нысандары болып табылады:

- орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;

- техникалық және кәсіби білім беру мекемелері.

- жоғары оқу орындары;

- мәдени-ағарту мекемелері;

- БАҚ, жарнама және баспа ұйымдары;

- мәдениет және өнер орталықтары, мұражайлар;

- кәсіби шығармашылық одақтар мен бірлестіктер;

- көркем-өнеркәсіптік өндіріс орындары.

3.3 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет пәндері болып табылады:

- білім алушыларды инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру;

- жоғары оқу орындарының білім беру шеңберінде магистранттардың ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;

- білім беру жүйесі басқармасында инновациялық үдерістерді қамтамасыз ететін уәкілетті және жергілікті атқарушы ұйымдардың қызметі.

3.4 Кәсіби қызмет түрлері 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрі төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін атқара алады:

- білім беру (педагогикалық);

- өндірістік-қолданбалы;

- жобалау;

- шығармашылық;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- ғылыми-зерттеу

3.5 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрі кәсіби қызметінің типтік міндеттері кәсіби қызметтің түрлеріне сәйкес келеді:

· білім беру қызметі саласында:

- білім алушылардың оқуы мен дамуы, оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық және психологиялық үдерістерді жобалау мен басқару, болжау, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжамдау;

- жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру;

- оқып-үйрену, қорыту, білім беру шеңберінде инновациялық тәжірибені тарату.

· оқыту-технологиялық қызмет саласында:

– оқыту үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;

– ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, дизайн бағытындағы ақпараттарды іздеу және өңдеу үдерістерін ұйымдастыруға қатысу;

- кәсіби және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу.

· әлеуметтік-педагогикалық саласындағы қызметі:

- білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда қолайлы жағдай туғызу және педагогикалық қолдау көрсету;

- этникалық және құқықтық, іскери нормаларды объективті бағалаудың тұлғалық деңгейін қалыптастыру;

· ғылыми-зерттеу саласындағы қызметі:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;

- өнертану ғылымы бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;

- практикалық эксперимент жасап, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

- ғылыми мекемелерде және білім беру беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;

- өнертану ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қолжеткізу және қорыту;

- ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжай білу;

- өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай білу.

· ұйымдастырушылық-басқарушылық саласындағы қызметі:

- білім алушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үшін әртүрлі деңгейдегі оқу үдерісін жоспарлау, дизайн курсының мазмұнын жасау, материал іріктеу, әдістер мен тәсілдерді пайдалану;

- оқу-білім беру тәсілдерін, үдерісін анықтау, ұйымдастыру және жүргізу;

- өндірісте мамандыққа сай бейінді ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет;

- әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда өндірістік-басқару іс-әрекеттер қызметі;

4. Оқыту нәтижелері (жалпы құзыреті) 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша өнертану ғылымдар магистрі оқыту нәтижелері төмендегідей мүмкіндіктерді көздейді:

Жалпы білімділігіне қойылатын талаптар:

1) білуі тиіс:

− жоба алдындағы материалды жинау және өңдеу, қолданыстағы жағдайды бекіту;

− жобалау үдерісіндегі (іздеу-талдау-шешім қабылдау) іс-әрекеттің жүйелілігі мен сипаттамасын;

− жобалау материалын өңдеуге қойылатын талаптарды;

− қоғам мен жаңа компьютерлік технологияларды өндіру және әлеуметтік салаға енгізу нәтижесінде үнемі өзгеріп отыратын дизайн қызметің рөлін, телекоммуникация, бұқаралық сананың құралдарының әсерін арттыру саласындағы техникалық жетістіктерін;

2) жасай алуы тиіс:

− анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, сызбаларды құрастыру, жобалау үдерісінің ретін анықтау, нобайлар орындау, дайын жобалық идеясын демонстрациялық материалдарда жүзеге асыру, жобалық материалды (соның ішінде заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана алу) талаптарына сәйкес өңдеу, презентация мен қорғау кезінде өз жұмысын сауатты ұсына білу жолдары;

3) дағдылануы тиіс:

- жағдайды талдау мен нысанды толық зерттеуге;

- жобалау және жұмыс бағдарламасының тапсырмаларын өзінен-өзі жинауға;

- шығармашылық тұжырымдама мен оның алдын-ала нобайдағы көрінісін қалыптастыруға;

- жобаның жалпы экспозициясының композициялық шешімдеріне;

- макеттер мен модельдердің түстік, графикалық шешімдерін жасауға;

4) құзыретті болуы қажет:

- сәулет, өнер мен дизайн, халықтық мәдениет тарихы, олардың салт-дәстүрлері туралы заманауи үрдістер саласында;

- үнемі қоғамның қажеттіліктерін өзгерту үдерісінде икемді.

5. Оқытудың стратегиясы мен әдістері 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша оқытудың жалпы нәтижелері төмендегідей іс-шаралар негізінде жүзеге асады:

1) Дәрісханалық сабақ: дәріс, семинарлар және практикалық сабақтар – оқытудың инновациялық технологияларын есепке алу, ғылым, технология және ақпараттық жүйенің жаңашыл жетістіктерін пайдалана отырып интерактивті формада жүргізіледі;

2) Дәрісханадан тыс сабақтар: білім алушының өзіндік жұмысы, оқытушы жетекшілігімен жасайтын жұмыс, жеке кеңес беру;

3) Оқу және кәсіби практиканы өткізу, диссертациялық жұмысты дайындау Мамандықтың білім беру бағдарламасы білім алушыларға пәндік, пәнаралық, психология-педагогикалық және әдістемелік білімді меңгертуге, дизайн саласындағы білім мен түсінікті жариялауға, алған білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдануға мүмкіндік береді. Дәріс, семинар, пікір талас және практикалық сабақтар, практиканың түрлері бағдарламада магистранттарға 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша негізгі және түйінді құзыреттіліктерді, соның ішінде, нақтылы әлеуметтік-педагогикалық жағдайды есепке ала отырып, оқу үдерісінде ғылыми-педагогикалық технологиялар мен ақпараттық дереккөздерді (мультимедиялық оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар, теледидар және Интернет-технологиялар) тиімді және креативті пайдалануға үлкен мүмкіндік береді, Магистранттардың өзіндік жұмысына профессорлық-оқытушылық құрамның басшылық жасауы, жеке кеңес беру магистранттардың оқу және ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бітіруші курс магистранттары таңдап алған диссертациялық жұмыс бойынша ғылыми жетекшінің жеке басшылығымен жұмыс істейді.

6. Нәтижелерді бақылау және бағалау 6М042100 – Дизайн мамандығына білім берудің бағдарламасы бойынша магистр дайындауда кең диапазондық бақылау мен бағалаудың түрлі формалары мен білім берудің күтілетін нәтижелерін қарастырады: ағымдағы және рубежді бақылау (сабақ барысында сұрақтар жүргізу, оқу пәндері бойынша сабақ тақырыптарына сай тестік жұмыстар, лабораториялық жұмыстарды қорғау, курстық жұмыстар, дискуссиялар, және т.б.), аралық аттестация (оқу пәндері бөлімдері бойынша тестік жұмыстар, емтихандар, тәжірибе жұмыстары бойынша есеп жұмыстарын қорғау), мемлекеттік қорытынды аттестациясы (дипломдық жұмысты (жоба) қорғау, мемлекеттік пәнаралық емтихан). Бағалау әдістері сыни ойлауды дамыту мақсатын негізге ала отырып, жазбаша және ауызша коммуникативтік, презентациялық дағдыларды, лабораториялық зерттеулерді жүзеге асырады. Мамандық бағдарламасы оқу және үздіксіз педагогикалық тәжірибе жұмыстарын бүкіл оқу барысында кіріктіреді, бұл магистранттарға тәжірбиелік-бағдарлық білім мен дағдыны өз пәндік саласында игере отырып, оқу-педагогикалық қызметін жоспарлауды ұйымдастыруда 6М042100 – Дизайн мамандығы бойынша шет тілді ортаға сабақ беруде оқу үрдісінде инновациялық технологияны қолдана отырып, білім алушы мен оқытушының арасын педагогикалық байланыс жасауда қолдана білуге мүмкіндік береді.


Басып шығару