Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру және көркем шығармашылық саласында авторлық жаңашыл идеяларды жүзеге асыра алатын, оларды шешудің стандарттық емес және балама жолдарын таба алатын, сыни тұрғыдан ойлаумен, шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері бар жобалық-графикалық қызмет негіздері мен көркем еңбек мұғалімдерін оқыту
Бітіруші түлекке «Мектептегі көркем еңбек және дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру бакалаврлары педагогика мамандары мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарға ие бола алады (2018 жылғы 31 қазандағы өзгерістер мен толықтырулармен). Кәсіби қызметтің нысандары болып жалпы орта білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар, мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымдары, бастауыш және арнайы мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары табылады.
Бағдарламаның негізгі принциптері:
- Халықаралық стандарттарға: пән дескрипторларына, цикл және дайындық деңгейіне (мысалы, Дублин дескрипторлары, аккредиттеу агенттіктерінің талаптары және стратегиялық серіктестердің үміттері) сәйкес келеді;
- Еңбек нарығына және тұтынушыларға бағытталған;
- Конструктивті дәйектілік пен өзектілік принципіне: түлектің моделіне, мақсаттарына, жоспарланған оқу нәтижелеріне, бағалау және оқыту әдістеріне негізделген;
- Кәсіби қызметтегі соңғы зерттеулермен және инновациялармен біріктірілген.
Бітірушінің біліктілік моделі
«Мектептегі көркем еңбек және дизайн» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне әдістемелік және психологиялық тұрғыдан дайын;
- Инклюзивті білімге, заманауи білімнің өзгеріп отырған талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін бастамасы мен белсенділігі бар бейнелеу өнері, көркем еңбек және дизайн саласындағы толыққанды сапалы кәсіби педагогикалық білімі, кәсіби құзыреттілігі бар;
- Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында кәсіби қызметті жүзеге асыра білу;
- Оқытудың инновациялық әдістерін, әдістемелік тәжірибелер мен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізе отырып өткізуге дағдылы;
- Көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдыларға ие.