"авторлық курс" бағдарламасы бойынша "дәстүрлі қазақ музыкасы" атты біліктілікті арттыру курстары.

2019 жылдың 23 қыркүйек – 06 қазан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті, өнертану кандидаты Сабирова А.С. кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамына академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәріс оқып, «Дәстүрлі қазақ музыкасы» тақырыбында «Авторлық курс» бағдарламасы бойынша біліктілікті жоғарылату курсын өткізді.

18 қазан күні кафедраның оқытушы-магистрі А.А.Мухамбетжанова М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің үйымдастыруымен өткізілген «ЖОО-да инклюзивті білім берідің теориясы мен технологиясы» атты облыстық семинар-тренингке қатысып, сертификат алды.

Қазан айында М.Өтесісов атындағы «Мәдениет және өнер» факультетінде 1 курс студенттері арасында «Талант» атты конкурсы өтті. «Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды.

3 қараша күні Ақтөбе қаласында өткен «Әлем талан stars» Республикалық шығармашылық конкурсында, «Музыкалық аспаптар: Баян» номинациясы бойынша кафедраның 1 курс студенттері Шакенова Гүльжан, Бейімбетов Нүртай - І дәрежелі дипломға, Мүрзагереев Мансур – Бас жүлде лауреат атағына ие болды. Жетекшісі – Шукеев А.Л. «Үздік ұстаз» алғыс хатымен марапатталды.


Басып шығару