2019 жылдың 28-29 наурыз айында Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің базасында 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өткізілді.
Олимпиада кітапханалық білім жүйесінде оқитын болашақ мамандардың біліктілігі мен дағдыларын, кәсіби білімдерін анықтау көрсету мақсатында Республикалық студенттер олимпиадасының шеңберінде өткізілді. Олимпиада дарынды студенттерді қолдаудың бір факторы болып саналады, сондай-ақ, 5В091000- «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша өткізілетін мемлекетаралық және халықаралық олимпиадаларға қатысатын топтардың құрылуына себеп болады.
5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығы бойынша өткізілетін кезекті студенттік олимпиада жыл сайынғы Республикалық студенттер олимпиадасы шеңберінде өткізіліп, ҚР ЖОО –да оқитын студенттер арасындағы жарыстың көпшілік жүйесін құрайды.
«07 КZ» командасының құрамына М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В091000-«Кітапхана ісі» мамандығының 2 және 4 курс студенттері, Гульжан Байсариева, Даниля Жунусова, Яна Нерсесян және Алия Имашева кіреді.
Олимпиада конкурстарының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушылар арасынан 1,2,3-ші орын иеленушілерді анықтады. «07 КZ» командасы үшінші орынға ие болды.