Қадірлі ұстазымыз Искакова Индира Идиятқызының мерейлі туған күніне орай ”Сан жүректерге жол тапқан-Ұстаз” атты арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шара – ұстаздың еңбегін бағалау, оның шәкірт тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегіне алғыс білдіру мақсатында өткізілді. Шәкірттер өздерінің жүрекжарды әндері мен билерін, сахналық қойылымдары мен жылы тілектерін ұсыну арқылы ұстазға деген құрмет пен ризашылықтарын білдірді.
Ұстаз–әрқашан білімнің шамшырағы, өмірдің бағыт-бағдар берушісі. Құрметті ұстазымызға мықты денсаулық, еңбегіне мол табыс, шығармашылық шабыт тілейміз. Шәкірттерінің жетістіктері мен жеңістерін көріп, соған қуана берсін. Біз үшін бұл күн – ұстазға деген ерекше құрмет пен сыйластықтың айғағы болып қала береді!






