2025 жылдың желтоқсан айының 5 жұлдызы күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің мәдениет және өнер факультетіне қарасты «Мұрагер» студенттік театры көрерменге ерекше рухани әсер сыйлаған кезекті қойылымын ұсынды. Бұл жолы жас өнерпаздар әлем әдебиетінің көрнекті өкілі, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты лирикалық драмасын сахналады.
Сахна төрінде орын алған бұл туынды – студенттік театрдың шығармашылық ізденісінің, кәсіби деңгейге ұмтылған талпынысының жарқын дәлелі. Айтматов шығармалары адам тағдыры, адалдық, махаббат пен өмір мәні сияқты мәңгілік тақырыптарға құрылатыны белгілі. Осы бір күрделі дүниені жас актерлер өзіндік сезімдік қуатпен жеткізіп, әр кейіпкердің жан қақтығысындағы психологиялық тартысты шынайы көрсете білді.
«Мұрагер» студенттік театры көп жылдан бері университеттің мәдени өмірінде маңызды орын алып келеді. Биылғы жаңа маусым да театрдың шығармашылық ізденісі тоқтамағанын дәлелдеді. Әрбір қойылым — студенттердің кәсіби қалыптасуына, сахна тілі мен актерлік шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретін үлкен мектеп.
Кеш соңында көрермен ұзақ қошемет көрсетіп, жас актерлердің өнеріне жоғары баға берді. Бұл — тек бір қойылымның табысы емес, мәдениет пен өнерге құштар жастардың үлкен әлеуетінің белгісі.
Қойылымның көркемдік жетекшісі – Искакова И.И.,
Қоюшы режиссер – Қыдан Ш.Н.
Мұрагер студенттік театрының кезекті қойылымы М.Задорновтың “Күйеуіңзді сатыңызшы” атты комедиялық туындысы сахналанды. Қойылым режиссері 4ші курс студенті Кущанов Аліби. Қойылым отбасылық құндылықтарды және махаббат сезімінің қаншалықты қымбат екенің көрсетеді.







