Жоғары оқу орындары студенттерінің ХІІ пәндік олимпиадасы

2020 жылдың 8-13 наурызы күндері Алматы қаласы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында өткізілген Жоғары оқу орындары студенттерінің ХІІ пәндік олимпиадасына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Мәдениет және өнер факультеті «Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының оқытушысы, магистр Елекенова Ардақ Бекмирасқызы және «Режиссура» мамандығының 2 курс студенттері барып қайтқан болатын. Алматыдағы Олимпиадада жетекшілік жасаған Ардақ Бекмирасқызы мен мамандықтың студенттері жұмыла жұмыстанған еңбектерінің арқасында университет намысын сәтті қорғап келді. «Сахна тілі» пәні бойынша Ф.Оңғарсынованың жырларынан құралған композициялық жұмыс бойынша (жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мамбетова Асель Иманғалиқызы) жүлделі ІІІ орынға, «Режиссура» пәні бойынша Т.Джюдженоглудың «Көшкін» психологиялық драмасынан үзінді (жетекшісі: оқытушы-магистр Елекенова Ардақ Бекмирасқызы, режиссері: Реж-21 тобының студенті Дәуітова Раушан) сахналап, жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылып, аталмыш шарадан мол әсер мен ерекше шабытпен оралды. Шараға қатысып келгендер республикалық сайыс оқытушыларға да, студент жастарға да оң әсерін тигізгенін баяндады.


Басып шығару