Ансамбльдік орындаушылық – кәсіби домбырашының шығармашылық дамуының негізі

2025 жылдың 3 желтоқсанында аға оқытушы, магистр А.Ж. Кенжегалиева мен оқытушы, магистр М.Т. Габбасова әдістемелік айлық аясында арнайы музыкалық аспап пәні бойынша 2, 3, 4 курс студенттерінің қатысуымен ашық сабақ өткізді.  

Композиторлар Құрманғазы, Қазанғап, Ә.Желдібаев  күйлері мен А.Жайымов, Е.Үсенов шығармалары орындалды. Студенттер күй тартыс, дуэт, трио, квартет, квинтет орындау арқылы ансамбльде ойнау ерекшеліктерін көрсетіп, жасанды интеллект көмегімен ансамбль құру әдісін қолдана отырып, заманауи технологияларды музыкалық орындаушылықпен ықпалдастыру мүмкіндігін жаттығу арқылы көрсетті. интеллекта.


Басып шығару