Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың XIII халықаралық «Атамекен» ән фестивалі 28 қыркүйек күні Орал қаласында ұйымдастырылды.
Аталған халықаралық ән фестивалінде музыка мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының 3-курс студенті АРУЖАН БИСЕМБАЙ жүлделі III орынға ие болды.
Фестивальге Қазақстан мен көршілес мемлекеттерден 26 өнерпаз қатысты.
Студентіміз Аружанды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!



