Ұстаздың сәулелі ғұмыры

31 қаңтар күні Музыкалық білім мамандығының негізін салушы п.ғ.к.,доценті Нағымова Меңдіғаным Мергенбайқызына арналған “Ұстаздың сәулелі ғұмыры” атты еске алу кеші өтті.Еске алу кешінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің Кұрметті қызметкері, Ы. Алтынсарин белгісі,”Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет
саласының үздігі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мұштанова Дариға Ғазезқызы, филилогия ғылымдарының, кандидаты., доцент Даришева Түймеш Малбағарқызы, музыкалық, білім мамандығының тұрақты демеушісі Қойшекенов Аманжол Төлеуғалиұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты., доцент Медешова Айгүл Бақтығалиқызы және туған- туыс бауырлары, шәкірттері, әріптестері қатысты.
Кеш барысында ұстазымыздың төл шәкірттері халықаралық конкурстардың лауреаттары мәдениет және өнер факультетінің, Үлкен хор ұжымы ( жетекшісі Мәдениет
саласынын үздігі, аға оқытушы Л.К.Өмірзақова), Гульмира Утегенова, "Батысstar" триосы және "Ерен еңбегі" үшін медалінің иегері Дастан Есентеміров өнер көрсетті. Кеш соңында ұстазымыздың досы, әрі ауылдасы "Жадыра" шаруа қожалығының басшысы,кәсіпкер А.Т.Қойшекеновтің демеушілігімен музыкалық білім мамандығының студенттеріне бір реттік ынталандыру сыйақысы табысталды. Олар, 4 курс студенті Маратов Ерасыл, 3 курс студенті Генджибаев Амангелді, 2 курс студенті Роллан Ардақ, 2 курс студенті Бисембай Аружан және 1курс студенті Утегалиев Бақтияр.


Басып шығару