XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы

2024 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің, 2024 жылы XVI Республикалық, студенттік пәндік олимпиадасы «Қобыз және баян» кафедрасының «Қыл
қобыз», «Прима қобыз» және «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша өткізілді. Аталған студенттік пәндік олимпиадасына Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық, Қазақ-Түрік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысып, бақ сынады. Олимпиадаға Қазакстанның, әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан арнайы келген 27 студент қатысты. Нәтижесінде,«Қыл
қобыз» номинациясы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Дәстүрлі-музыкалық және өнер: Халық аспаптары БББ 3 курс студенті Қазбекова Назерке жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі:Ерғалиева Айгүл Темірболатқызын құттықтаймыз!!


Басып шығару