Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өткізілді

Алматы қаласынан ақжолтай қуанышты хабар!!
26 наурыз Алматы қаласы, Кұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жоғары оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі музыкалык өнер пәндері бойынша «Халық әні» кафедрасы дәстурлі орындаушылық бойынша «Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өткізілді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторисындағы Олипмпиада студенттердің танымдық жүйесімен оқу - зерттеу қызметін анықтау, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ, отандық музыка мәдениеті мен орындаушылық өнердің үздік дәстүрлерін сақтау және Қазақстан Республикасының музыкалық- педагогикалық мектептерінің ынтымактастығын одан әрі жалғастыру мақсатында өткізілген пәндік олимпиадаға университетіміздің намысын қорғап барған студенттеріміз үздіктер қатарынан табылды. Атап айтсақ, дәстурлі музыкалық өнер БББ 1 курс студенті Ораш Дәурен (Халық әні номинациясы) және дәстүрлі музыкалық өнер 2 курс студенті Габитова Сабина (Жыршылар номинациясы) жүлделі 3 орынды иеленіп, республикалық шығармашыл жастардың қатарынан орын алды. Жетекшісі: өнертану ғылымдарының магистрі Мухамбетжанова Айжан Абухановна. Ұлттық өнерді тұмарындай сақтап, шығармашылық ортаға кеңінен насихаттап жүрген, осынау айтулы өнерден орын ала білген студенттерімізге, шығармашылық табыста болып еңбек жолдарыңыздың кен, болуына, сонымен қатар, белестің,биік шыңынан көрінулеріңізге шын тілекшіміз!. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


Басып шығару