Дәстүрлі ән мен күй өнерінің өкілдерімен кездесу

Республикалық VII «Жайық сазы» өнер фестивалі аясында Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының оқытушысы Ж.Б.Сатыбалдиев және Жәнібек Жәмиев, Нұрым Асқанов бір топ дәстүрлі ән мен күй өнерінің өкілдері М.Өтемісұлы атындағы БҚУ студенттерімен кездесті. Кездесуде Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Кайрлиев қонақтарымызға қош келдіңіз айтып, дәстүрлі «Жайық сазы» өнер фестивалі туралы сөз өрбітті.
Рухани кеште өнер өкілдері қасиетті қара домбыраның, қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, қатысушылар дәстүрлі ән мен күй жанрын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Студенттеріміз қонақтарымыздан қонақ кәде сұратып, шеберлік сағаттары етті. Кездесу сонында мәдениет және өнер факультетінінң тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Абылқайыр Мақсотұлы кеш меймандарына ыстық лебізін білдіре отыра, арнайы естелік сыйлықтар табыс етті.

https://www.youtube.com/embed/8pazFtZpRkk 

 


Басып шығару