06.11.-30.11.2023 аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, мәдениет және өнер факультетінде «Өнер және мәдениет саласының кәсіби дамуы» атты әдістемелік айлық ұйымдастырылды.Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ оқытушылар құрамы да өз біліктіліктерін белсенді түрде студенттер мен қатысушы оқытушыларға жоғары деңгейде көрсетті. Өткізілген ашық сабақтар, шеберлік сағаттары қызығушылықпен жүзеге асты.Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы, магистр Г.Е.Утегенованың жас әншінің ән айту қабілетін арттыруға арналған дауыс жаттығуларын жасай отырып, әншілік қабілетін арттыру мақсатында «Ән айтудағы дауыс жаттығуларының маңыздылығы. Вокализ талдау», А.Ж.Кенжегалиеваның ұйымдастыруымен студенттерге ұлттық құндылығымыз домбыра аспабын дәріптеп, тарихтың куәгеріне айналған қасиетті домбыраны таныстыру, өнерге деген сүйіспеншілігін, ынта — ықыласын арттыру мақсатында Музыкалық білім беру бағдарламасының арнайы музыкалық аспап домбыра пәнінен «Домбыра- асыл қазына» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонағы ҚР мәдениет саласының үздігі, республикалық күйшілер одағының төрағасы, педагогика ғылымдарының магистрі, Дина Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің жоғары санатты домбыра мұғалімі, Музыкалық білім мамандығының түлегі Кенжегалиев Аскар Мұхамбетқалиұлы қатысты. «Отклонение и Модуляция» тақырыбында оқытушы Д.Н. Малаева 1-2-3ші курс студенттерімен ашық сабақ өткізді. Жас мамандарды ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани-мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, жас мамандарын даярлауда шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлін жан-жақты қарастыру мақсатында Музыка пәні мұғалімдері мен орындаушылық өнер мамандарын дайындау БББ аға оқытушысы Алимбаева Гулзада Бакыткалиевнаның «Қазақстан композиторларының Оркестрге арналған шығармалары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында ұлт аспаптары оркестріне арналған музыкалық шығармаларды орындаушылықты дамыту, музыкалық шығарманың мінезі, орындалу техникасымен жұмыстану,ансамбльдік орындау дағдыларын қалыптастыру туралы баяндалып,ары қарай студенттік оркестрмен күйлер, музыкалық шығармалар тәжірибе жүзінде орындалды. Сонымен қатар, оқытушы Г.Х.Кударовның «Музыкальная память в процессе обучения игры» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Қатысқан студенттерге де қызықты болды деп айта аламыз.Апталықтың жабылу барысында факультет деканы лебіз білдіріп, жоғары кәсіби білікті оқытушыларымызға алғыс білдірді.Белсенділік танытқан оқытушыларымызға факультет атынан алғыс жарияланды.
Шеберлігін шыңдай көрсете білген оқытушыларымызға табыс тілейміз!