«Әлемнің ән падишасы» ән байқауы

КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаhарманы, опера және эстрада әәншісі Роза Бағланованың туғанына 100жыл толып отыр.Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев майдан даласында ән салған Роза Бағланова күні бүгінге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауымға кеңінен танымал тұлға екендігін, оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар ұйымдастыруды тапсырған болатын.

10-шы қараша күні Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ Мәдениет және өнер факультеті күміс көмей әнші Роза Бағланованың репертуарындағы әндерін орындаушылардың I-ші факультетішілік «Әлемнің ән падишасы» ән байқауы ұйымдастырылды.Роза Тәжібайқызы ның шығармашылығын келер ұрпаққа жалғастыру, ән арқылы елдің рухын биіктетіп, ән өнерін дамыту, жас талантты орындаушылардың жаңа есімдерін таныту, оларға үлкен сахналарға жол ашуға ықпал ету мақсатында жүзеге асырылған шараға Музыкалық білім және вокал кафедрасы  6В02102 Вокалдық өнер мамандығының студенттері де қатысып, бақтарын сынады. Байқауға әділ қазылық еткен қазылар алқасының төрағасы Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Бекмұратұлы Өтегенов,ҚР Еңбек сіңірген әртісі «Құрмет» Орденінің иегері, доцент Қанатқали Камокұлы Қожақов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент Жұмағаным Әбілхалыққызы Рахимова  қатысушылардың өнерін бағалап, нәтижесінде мамандығымыздың 1 курс студенті Ахтамова Мадина арнайы жүлде иегері;

3-ші орын Елдесбаева Аяулым,

-Ғұмарова Гүлназ

-Дүйсенғұлов Арман

-Иманғалиева Мендігүл

2-ші орын Ануарова Айнамкөз

-Оразбек Ақбота

1-орын Мусина Асем және Ажмуратов Әлихан иеленді.

Марапат иелерін құттықтап, студенттерімізге шығармашылық жеңістер тілейміз!


Басып шығару