Қараша айның 4-ші жұлдызында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне өзге ұлт өкілдерінің қызығушылығын арттыру мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін игерген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында оқитын өзге ұлт өкілдері қатысты.Бақ сынасқан 25 тен аса қатысушының арасынан 6В01404 Музыкалық білім мамандығының 1ші курс студенті Шерстянкина Татьяна Владимировна 1ші орын иеленді. Жетекшісі топ кураторы Кенжегалиева Акшолпан Жубатовна.
Талабына нұр жаусын! Құттықтаймыз!
https://artcul.wku.edu.kz/kk/novosti/17-kafedra-muzykalnogo-obrazovaniya-i-vokala/218-abaj-o-ulary-oblysty-baj-auy-tkizildi#sigFreeId378f9fecb9