Оқытушы - магистрлер арасында иновациялық байқау ұйымдастырылды

Мәдениет және өнер факультетінде иновациялық білім беру үрдісін жетілдіру және дамытудың ақпараттық технологияларын пайдаланып, білім қорын қалыптастыру мақсатында оқытушы - магистрлер арасында иновациялық байқау ұйымдастырылды. Арнайы байқауға келіп жеткен өтінімдер ішінен үздік деп танылған 3 жоба таңдап алынды. Әр оқытушы өз жобасының нақты құндылықтары мен ұстанымдарына, зерттеудің өзектілігіне, мақсат-міндеттері және де практикалық маңыздылығына тоқталып, жоба мазмұнымен таныстырып өтті.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша: Жүлделі 3 орынды - Музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушыларымыз - Сатыбалдиев Жарас Болатұлы мен Юрченко Александр Викторович («Формирование творческой активности в профессионально-педагогической подготовке учителя музыки») жүлделі орынға ие болды.
Білім мен білікті шыңдап, тәжірибе алмасқан оқытушы - магистрлердің жобалары университет бойынша өтетін инновациялық технологияларын еңгізу байқауына жолдама алды. Жеңіс тұғырынан көрінген барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отыра, білім жолында қанаттарыңыз талмасын деген ізгі ниетімізді білдіреміз!


Басып шығару