Жұмыс берушілермен кездесу

Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында 15.02.2022 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мәдениет және өнер факультеті Музыкалық білім және вокал кафедрасы  «Болашақ маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұны мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Болашақ маман даярлауда білім беру бағдарламаларының мазмұндарын таныстырып, жаңашыл бағытта жандандыру.

Кездесуге:

  • Кажимова Карылғаш Рахимовна - PhD доктор, Мәдениет және өнер факультетінің деканы;
  • Бабенко Ольга Александровна – п.ғ.к., доцент, Музыкалық білім және вокал кафедрасының меңгерушісі;
  • Ергалиева Айгул Темирболатовна – өнертану кандидаты, Дәстүрлі және орындаушылық өнер кафедрасының меңгерушісі;
  • Султангужиева Айгуль Жаксыбаевна – мансап орталығының жетекшісі;
  • Сертеков Нуржан Орынгалиевич – Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры;
  • Карабалина Сәуле Зайдағалиқызы – БҚО Мәдениет басқармасы бөлім басшысы;
  • Калиев Марат Кенесович – ҚР Мәдениет қайраткері, БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Жастар шығармашылық орталығының директоры;
  • Қажғалиев Асхат Тарасұлы – Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры;
  • Мәдір Қуандық Насихатұлы -Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Д.Нүрпейісова атындағы балалар саз мектебінің директоры;
  • Кенжегалиева Салтанат Максотовна – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директорының м.а.;
  • Утарбаева Ляззат Жетебаевна – э.ғ.к., Орал гуманитарлық - техникалық колледжі директоры;
  • Амандаулетова Актолкын Каирхановна - №28 ЖОББМ директорының м.а.;
  • Бакытжанова Асем Самигуллаевна - №5 ЖОББМ директоры;
  • Кажигалиева Ляззат Майдановна - Переметное Балалар музыка мектебінің директоры;
  • Имашева Асел Жумашевна – Ақсай қаласы, №1 балалар музыка мектебінің директоры;
  • Аторвина Алла Александровна – Бәйтерек ауд., Дарьинск балалар музыка мектебінің директоры;
  • Мухамбеткереева Сауле Амангельдиевна - № 1 ЖОББМ музыка пәні мұғалімі және т.б. ұйымдар өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселелесі, олардың одан әрі жұмысқа орналасуы, білім сапасын көтеру және түлектердің кәсіби қасиеттерін дамыту, сондай-ақ университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар,

1) Білім беру бағдарламаларының мазмұнымен таныстыру;

2)  Элективті пәндер каталогымен таныстыру;

3) Білім беру бағдарламаларының жаңашыл бағытта жандандыру мәселелерін талқылау;

4) Пікірлер мен ұсыныстар қарастырылды.

 

Жұмыс берушілер мен қатысқандар баяндамаларды үлкен қызығушылықпен тыңдап, білім беру бағдарламалары туралы өз ұсыныстарын, ұсынымдары мен оң пікірлерін білдірді. Талқылау нәтижесінде оқытушылар мен студенттер қонақтарға жаңа білім беру бағдарламаларын жаңарту және әзірлеу кезінде ескерілетін қызықты ұсыныстар үшін алғыс білдірді.


Басып шығару