Мерейлі 60 жас

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мәдениет және өнер факультеті  Музыкалық білім және вокал кафедрасының аға оқытушысы Жардемова Ақмарал Бақтыбаевна  мерейлі 60 жасымен құттықтады.

Құрметті оқытушымызды кафедра меңгерушісі Ольга Александровна сөз сөйлеп, мерейтой иесін қуанышты күнімен құттықтады. Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы Даришева арнайы құттықтау білдіріп, Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуына үлес қосар білімді де білікті, құзыретті музыка пәні мұғалімдерін тәрбиелеудегі нәтижелі еңбегі үшін университет атынан Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, мәдени-тынығу жұмысы ғылымдарының магистрі Мерген Қуанышұлы  Сүлейменов ұстазымызға университетке сіңірген еңбегі үшін зор құрметін білдіріп гүлшоқтарымен , кафедра атынан сыйлықтар табыс етілді.

Кейін әріптестері өз тілектерін айтып, мерейтой иесі туралы жарқын естеліктермен  бөлісіп, өздерінің ақжарма тілектерін жолдады.

Жиын соңында мерейтой иесі Ақмарал Бақтыбаевна Жардемовна  университет , деканат, кафедра ұжымына  өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.


Басып шығару