Ақпан айының 1-күні М.Өтемісов атындағы БҚУниверситеті Мәдениет және өнер факультетінің п.ғ.к., доцент М.М.Нағымованың 60 жылдығына орай I-ші Облыстық ЖОББМ-нің музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік музыка мұғалімі» атты байқау өткізілді.Сонымен қатар, ұстазымыз қызмет еткен Мәдениет және өнер факультетінен Меңдіғаным Мергенбайқызы атындағы дәрісхана ашылды. Салтанатты лента қию рәсімі ұстазымыздың ұстазы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин белгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Дариға Ғазезқызы Мұштановаға және М.Өтемісов атындағы БҚУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры, сонымен қатар ұстазымыздың жан құрбысы Түймеш Малбағарқызы Даришеваға ұсынылды.Байқаубарысында әр ауданнан қатысқан қатысушылардың презентация, жұмыстары еліміздегіжағдайға байланысты онлайн форматындақабылданды.Алдынала жіберілген сабақ барысы қазылар алқасы қарап, талдап, бағалады. Шараның салтанатты ашылуында ұстаздың шәкірттері ән шырқап, кештің сәнін келтірді.Қорытындысында қазылар алқасының шешімімен I,II,III орындармен арнайы статуэтка лар және М.М.Нағымова атындағы жеке қордың қолдауымен ақшалай сертификаттар табысталды.
https://artcul.wku.edu.kz/kk/novosti/17-kafedra-muzykalnogo-obrazovaniya-i-vokala/193-sostoyalsya-i-oblastnoj-konkurs-luchshij-uchitel-muzyki#sigFreeId4de3203f0e