«Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлаудағы шығармашылық қабілеттерін дамытудың рөлі» атты ғылыми-әдістемелік апталығы

22-26 қараша күндері аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, мәдениет  және өнер факультетінде ұйымдастырылған «Мәдениет және өнер саласының мамандарын даярлаудағы шығармашылық қабілеттерін дамытудың рөлі» атты ғылыми-әдістемелік апталығы жүзеге асырылды.

Музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушылар құрамы да өз біліктіліктерін белсенді түрде студенттер мен қатысушы оқытушыларға жоғары деңгейде көрсетті. Өткізілген ашық сабақтар, шеберлік сағаттары қызығушылықпен жүзеге асты. Сольное пение пәні бойынша «Основы вокального мастерства» тақырыбында Н.С.Санбаева ,арнайы музыкалық аспап пәні бойынша «Музыкалық шығармаларды талдау барысын ұйымдастыру» тақырыбында А.Ж.Кенжегалиева, Дауыс қою пәні бойынша «Жас әншіні қалптастырудағы дауыс жаттығуларының алатын ролі» тақырыбында Г.Е.Утегенова, «Доменико Скарлатти – итальянский композитор эпохи Барокко. Работа над сонатной формой» тақырыбында Э.Г.Потиченко т.б. оқытушылар ашық сабақтар көрсетті. 

Қатысқан студенттерге де қызықты болды деп айта аламыз. Апталықтың жабылу барысында факультет деканы лебіз білдіріп, жоғары кәсіби білікті оқытушыларымызға алғыс білдірді.Белсенділік танытқан оқытушыларымызға факультет атынан алғыс хат табысталды.

Шеберлігін шыңдай көрсете білген оқытушыларымызға табыс тілейміз!


Басып шығару