«Студенттік VIBE-2021ж»

2021жылдың 11 ші қазан күні Мәдениет және өнер факультеті Музыкалық білім және вокал кафедрасы Музыкалық білім мамандығының 1 курс МОБ-11/13 тобының «Студенттік VIBE!» атты танысу танысу кеші концерті өтті. Кештің мақсаты студенттерді студенттік өмірге аяқ басып, өнер ордасында білім мен өнер, сахна, ән айту шеберліктерін көрсету. Ізденгіштікке, жауапкершілікке, музыкалық қабілеттірін дамытып қалыптастыру. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Кеш өте жақсы ұйымдастырылған, сахналық әрлеу ерекше әсемделген.Ұстаздарды арнайы қошеметпен қарсы алып, орындарына жайғастырғанша құрмет  көрсетілді.Кеште  орыс, қазақ әндері қорындалып, студенттер өз өнерлерін, ән айту қабілеттерін, шеберліктерін  көрсетіп,  топ кураторы Гүлмира Утегенова Екпінқызымен бірге көңілді билерімен аяқтады.

Мерекелік кештің соңында кафедра меңгерушісі Ольга Александровна Бабенкомен факультет деканы Қарлығаш Рахимовна құттықтау сөз сөйлеп, тілектерін білдірді. Концерт тамашалауға келген барлық студенттер мен оқытушылар көңілді шара үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Жүрекке жылу сыйлап қуанышты әсер қалдырған бұл концерт баршамыздың  есімізде ұзақ сақталары анық.

 


Басып шығару