Мерейлі 50 жас

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Мәдениет және өнер факультеті  Музыкалық білім және вокал кафедрасының оқытушысы Людмила Борисовна Ляпинаны мерейлі 50 жасымен құттықтады.

Құрметті оқытушымызды құттықтап факультет деканы Қарлығаш Рахымқызы және кафедра меңгерушісі Ольга Александровна сөз сөйлеп, мерейтой иесінің өнегелі еңбек жолынан сыр шертті. Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, мәдени-тынығу жұмысы ғылымдарының магистрі Мерген Қуанышұлы  Сүлейменов Тәуелсіз Қазақстанның білімі мен ғылымын дамытуына үлес қосар білімді де білікті, құзыретті музыка пәні мұғалімдерін тәрбиелеудегі нәтижелі еңбегі үшін Людмила Борисовнаны  университет атынан құттықтап, Құрмет грамотасын табыстады.

Кейін әріптестері өз тілектерін айтып, мерейтой иесі туралы жарқын естеліктермен  бөлісіп, өздерінің ақжарма тілектерін жолдады.

Жиын соңында мерейтой иесі Людмила Борисовна Ляпина университет , деканат, кафедра ұжымына  өз ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

 


Басып шығару