Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» тақырыбында мерекелік концерт

2020 жылдың 10 желтоқсанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Музыкалық білім мамандығының Моб-11, Моб/у-13 топ студенттерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 29 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды, топ кураторы К.Е.Бисекова.  Шараның мақсаты: Тәуелсіздіктің 29 жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту, студенттердің тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту, өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Мерекелік концертте топ студенттері М.Давлеткалиева, А.Сақы мерекеге арнап жазылған өлеңдерді мәнерлеп оқып, топтың ақын студенттері Н.Зайыров пен З.Мулековалар мерекеге арналған өздерінің авторлық өлеңдерін көрерменнің назарына ұсынды. Қ.Рахметуллин мен А.Ғинаятовалардың орындауындағы «Қолбасшы» күйлері және Н.Сағынтайдың орындауындағы «Желтоқсан желі», И.Мулекованың орындауындағы «Самға», Ш.Сәкенұлының орындауындағы «Алға, Қазақстан», Б.Ажгерееваның орындауындағы «Атамекен» әндері ерекше патриоттық сезіммен шырқалды. Мерекелік концертті тамашалаған факультет деканының орынбасары Р.Ж.Куаншалиева және кафедраның аға оқытушысы  Г.Е.Утегеновалар оқытушылар мен студенттерді мерекемен құттықтап, мерекелік шараға оң бағаларын берді.

 89.jpg - 55.39 kB

90.jpg - 54.36 kB

92.jpg - 81.10 kB

93.jpg - 114.89 kB

 


Басып шығару