АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ

М. Өтемісов атындағы БҚУ « Мәдениет және өнер » факультеті  «Музыкалық білім және вокал» кафедрасының «Вокалдық өнер» мамандығының ВИ-11 тобы биылғы Абайдың 175 жылдығына арналған ZOOM платформасы бойынша ''Абай оқулары'' атты әдеби-сазды онлайн концерт ұйымдастырды.Топ кураторы кафедра оқытушысы Малаева Дария Нурболатовна.

Кураторлық сағатқа факультетіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы, музыкалық білім магистрі Куаншалиева Раушан Жардемқызымен кафедра оқытушылары қатысты.

Тәрбие сағатының  мақсаты Абай атамыздың өзі айтқандай өтірік айтпау, мақтанға ермеу, жалқау болмау, еңбекқор болу, түзу жолмен жүру, үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеу.

Әдеби кешті топ студенттері Нұрмұхан Айхан және Елеусіз Бақытжамал жүргізіп, Абай атамыздың өмір жолын қысқаша баяндап, видео мәліметтермен толықтырып көрсетіліп отырды. Кеңесова Үмітжан, Бейбітәлі Бекарыс, Әміржан Жансая, Қабиева Мадина Абай атамыздың мұра қылып қалдырған мағынаға толы қара сөздерін оқып барша тыңдаушыны ойға шомылдырса, әдеміде сазды дауыстарымен топ студенттері Ғұмарова Гүлназ «Қараңғы түнде тау қалғып», Сақиев Исламбек «Айттым сәлем, Қаламқас», Ажмуратов Алихан, Бейбітәлі Бекарыс, Нұрмұхан Айхан «Желсіз түнде жарық ай» әндерін орындап кешті көркейте түсті.

С.Торайғыровтың өлеңі

''Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты іздесең жаттап тоқы көңілге''деген өлең жолдарымен әдеби-сазды онлайн концерті өз мәресіне жетті.

Кештің соңында тәрбие бөлімінің аға консультанты Жанбота Есенгалиевна мен Мәдениет және өнер факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Раушан Жәрдемқызына сөз берілді. Өскелең ұрпаққа Абай өлеңдерін, әндерін насихаттау және бойларына адами жақсы қасиеттерді сіңдіру мақсатында осындай әдеби кештерді жиі ұйымдастыру керек деген ұсыным, тілектерін айтып топ кураторына және топ студенттеріне алғыс айтты.

art1.jpg - 67.77 kB

art2.jpg - 117.83 kB

art3.jpg - 87.75 kB

art4.jpg - 132.44 kB

art5.jpg - 90.21 kB

 


Басып шығару