Танысу кеші

2019жылдың 3 ші қазан күні Ұстаздар мерекесіне орай Мәдениет және өнер факультеті Музыкалық білім және вокал кафедрасы Музыкалық білім және Вокалдық өнер мамандығының 1 курс студенттерінің жыл сайын өткізілетін дәстүрлі танысу кеші концерті өтті.

Мерекелік кештің алдында факультет деканы Қарлығаш Рахимованың құттықтау сөзімен басталып, концерттік шараға ұласты.

Сахнада тек 1 курс студенттері өнер көрсетті. Әр студент өз өнерін ортаға салып,әр қырларымен танылды. Студенттер «Ұстазым» әнін орындап, кештің соңында топ кураторы Галия Бекеева мен концерт тамашалаған барша оқытушыларға ризашылықтарын білдірді. Жүрекке жылу сыйлар қуанышты әсер қалдырған бұл концерт баршамыздың есімізде ұзақ сақталары анық.


Басып шығару