Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгілеуіне байланысты және Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы қолдауымен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі , М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Жұмағаным Рахимованың 65 жылдық мерей тойына арналған «Мәдениет, өнер және білім саласындағы педагогикалық тәжірибе және инновациялар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция және I Халықаралық вокалистер конкурсы өткізілді.
Классикалық вокалдық музыканы кеңінен насихаттап, жас таланттарды халыққа таныту мақсатында 1-халқыралық вокалистер конкурсының екі кезеңі өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар Батыс Еуропалық композиторлардың арияларын, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайынов ағамыздың шығармаларын орындады. Екі күнге созылған байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды.