Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары марапатталды

Ұстаздар күніне орай бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының бірқатар оқытушылары білім саласының төсбелгілерімен марапатталды. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Нұржан Тілеухановқа белсенді ғылыми жетістіктері мен ерен еңбегі үшін «Үздік ғылым қызметкері» төсбелгісін табыстаса, кафедра меңгерушісі Жәмилә Қайынбаеваға «Үздік менеджер» атағы берілді. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдіровқа «Үздік педагог» медалін тақты. Осындай атаудағы белгілерді БҚМУ қауымдастырылған профессоры Тұрарбек Хамзин, аға оқытушылар Ғариполла Қапақов пен Бақытгүл Молдашева иеленді. Факультет деканы Қарлығаш Рахымқызы Кажимова үздік педагогтарды құттықтап, шәкіртерінің құрметіне бөленіп, шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтары арта берсін деген тілегін білдірді.


Басып шығару